Баспасөз-релиздері

Стартапшылар JolQal.ai жобасының іске қосылуы туралы айтып берді

JolQal.ai - бұл мектепте оқумен қатар Нұрмұхамед Зибатқалиев пен Бахыт Момунов іске қосқан жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесі. 19 маусым күні олар дәріс оқыды, ол жерде өз жолдары туралы айтып, басқа стартаперлерге жеке кеңестерімен бөлісті.

Сөз басында Нұрмұхамед пен Бахыт қатысушыларға өздерінің стартапында жұмыс неден басталғанын түсіндірді: олар мәселені қалай анықтап, оны шешудің қазіргі әдістерден өзгеше нұсқасын ойлап тапты. Олар Computer Vision технологиясын стартапта қолдану туралы айтып, жоба бойынша жұмыс кезеңдерімен бөлісті. Соңында спикерлер аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Дәріс жазбасы төмендегі сілтеме бойынша көруге қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=MVgsJFZHT30&t=640s

Қашан: 19 маусым
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.