Баспасөз-релиздері

Неконференцияға тіркелу ашық!

29 сәуірде IT-хабта кәсіпкерлер мен әзірлеушілерге арналған нетворкинг бойынша Неконференция іс-шарасы өтеді. Қатысушылар үшін бұл серіктестерді немесе клиенттерді табуға, әріптестермен сөйлесуге, сондай-ақ жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндіктерінің бірі.

Неконференция екі залға бөлінеді - бизнес және әзірлеу. Олардың әрқайсысында сол салада жұмыс істейтін екі спикер сөз сөйлейді, олар өз білімдері мен пайдалы инсайттарымен бөліседі.

Әзірлеу залында төмендегі дәрістер өтеді:

Айдер Нуриддинов "IT әзірлемелердегі процестерді жүйелеу және топтастыру" тақырыбымен сөз сөйлейді. Ол сізге топтық бағдарламалау дегеніміз не, маркетолог үшін ТТ қалай құру керек және жұмыстағы негізгі мәселелерден қалай аулақ болу керектігін айтады.

Самат Қапанов "Интернетті ҚР-да бұғаттау кезіндегі Proxy" тақырыбымен сөз сөйлейді. Proxy порттар не себептен қолжетімді екенін түсіндіреді және "socks proxy danted, http proxy squid қалай көтеруге болады" тақырыбында воркшоп өткізеді

Бизнес залында төмендегі дәрістер өтеді:

Алькей Аманжолов "Турбуленттілік дәуіріндегі жаңа стартаптар" тақырыбымен сөз сөйлейді. Идеяларды қалай таңдауға және жүзеге асыруға болады, сонымен қатар, инвестициялауды қалай бастауға болатындығын айтып береді.

Владислав Тетерин "InDriver: Бізге өсуге мүмкіндік беретін әзірлеу процесі қалай құрылған" тақырыбымен сөз сөйлейді. InDriver жұмысы, "team first" тұжырымдамасы, OKR және өнімді трансформациялау, сондай-ақ, инженерлік мәдениетті құру тәжірибесі туралы айтып береді.

Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/neconf 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 29 сәуір
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.