Баспасөз-релиздері

Акселератор түлектері Демодкүнде өз жетістіктерімен бөлісті

8 желтоқсан күні ІТ-хабта акселерациялық бизнес-бағдарламаның түлектері үшін Демокүн өтті. Финалға жеткен қатысушылар өз нәтижелерімен бөлісуге және шақырылған инвесторлар алдында сөз сөйлеуге мүмкіндік алды. Үздік команда сервистерді пайдалануға 2 400 000 теңге сомасына Yandex Cloud грантымен марапатталды.
Акселератордың қорытындысы бойынша финалға 7 команда өтті. Бұл Qtap, Full spectrum kids, KZ Transit, Foqus, Сотқа дейінгі шағымдардың бірыңғай кабинеті, Dragonfly және BAYTEREK жобалары. Барлық қатысушылар бағдарламаға қатысу кезінде қол жеткізген нәтижелерімен бөлісті. Мысалы, аддитивті технологиялармен айналысатын KZ Transit компаниясының командасы дәрігерлерді оқытуға 3D технологияларды енгізу процесін бастап, бірлескен ғылыми жобаны бастады, Қарағанды техникалық университетімен 3D технологияларды дамыту және кадрларды даярлау бойынша меморандум жасасты, Республикалық протездеу орталығы үшін протездік аяқтың жапсырмасын әзірледі, сондай-ақ медициналық мамандарға арналған келісімшарттар жасасты және бөлшектерді дайындау үшін 8,5 млн теңге көлемінде шарт құрды. Dragonfly командасы өз кезегінде ауруларды жоғары дәлдікпен және жылдамдықпен анықтау үшін AI пайдалану жобасындағы жетістіктерін ұсынды. Олар "Лимфа Си" медициналық орталығында және "Сункар" клиникалар желісінде пилоттық режимде іске қосылды, сондай-ақ жоспарлы диагностикаға назар аудара отырып, пивот жасады. Бизнеске арналған AI Vision ассистент әзірлейтін Foqus командасы MVP әзірлегенін және жалпы құны 1250 долларды құрайтын екі пилоттық және үш коммерциялық жобаны жүзеге асырғанын айтты.
Алайда BAYTEREK командасы жеңімпаз атанды. Қатысушылар өнеркәсіптік алаңдарда жұмыстарды, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлейді. Демокүнде олар атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті, оның ішінде "ТАУ-КЕН Самұрык" ҰМК" АҚ Ұлттық холдингімен 16,8 млн.теңге сомасында жобаны іске асыруға шарт жасасу туралы және "Комаровское – Варваринское тау-кен кәсіпорны" Полиметалл АҚ-мен 156,9 млн. теңгеге дейінгі сомаға келісімшарт жасасу кезеңі туралы айтты. Команда Акселератордың серіктесі Yandex Cloud-тан грант ұтып алды.

Акселерациялық бағдарламаны ұйымдастырушылар өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар ІТ және жоғары технологиялық жобаларға көбірек көңіл бөлетінін атап өтті. Мұндай үрдіс қазақстандық әзірлеушілер қазірдің өзінде елдегі ақпараттық технологиялар саласын белсенді түрде жылжып жатқанын және шетелдік әріптестерімен және жобалармен бәсекелесе алатынын көрсетеді.
Қашан: 8 желтоқсан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС