Баспасөз-релиздері

Шілде айында өткізілген Неконференция қалай өтті?

29 шілде күні ІТ-хабта спикерлердің дәрістерін тыңдау және нарықты дамыту туралы өз пікірімен бөлісу үшін кәсіпкерлер, маркетологтар және айти мамандары жиналды. Неконференция ай сайын өткізіледі және қаладағы басты нетворкинг - іс-шарасы болып саналады.

Бұл жолы бизнес залында Яндекс Қазақстан аймақтық менеджері Андрей Чанов және  креативті индустрияларды зерттеуші Ирина Харитонова сөз сөйледі. Ирина өзінің жобалары туралы, оның ішінде NFT платформасында алғашқы виртуалды коллекциясын іске қосу және ресейлік шығармашылық аптаға қатысқандығы туралы айтып берді. Спикер креативті индустриялар сәнге, музыка мен өнерге қандай әсер ететінін атап өтті және өзекті креативті трендтермен бөлісті. Олардың ішінде: метаәлем, генеративті музыка, нөлінші жылдардың эстетикасы және иммерсивті әлем.

Андрей Яндекстің жарнамалық мүмкіндіктері туралы айтты. Оның айтуынша, Яндекстің басты артықшылықтарының бірі-бұл алаңда қазақ тілінде жарнама жасауға болады. Спикер өз талдауларымен бөлісті, сондай-ақ контекстік және медиалық жарнамадағы индустриялар, Қазақстандағы контекстік жарнама трендтері және сіздің компанияңыздың тауарлары мен қызметтерін жылжытуға көмектесетін Яндекс Директ өнімдері туралы айтып берді.

Әзірлеу залында backend developer Роман Стрелков және WOOPPAY директоры Александр Бондаренко дәрістерін өткізді. Роман өз сөзінде бағдарламалаудағы шығармашылықтың маңыздылығын атап өтті және күнделікті тапсырмаларға қалай батып кетпеу керектігін айтты. Ол сонымен қатар аудиториямен backend және frontend қалай жұмыс істейтінін және олардың айырмашылықтары неде екенін бөлісті. Александр, өз кезегінде, өзінің мансаптық жолы туралы айтып берді - ол қарапайым қызметкерден қалай бастап, компанияны басқарушы лауазымына келгені туралы айтып берді. Спикер жаңадан келген мамандармен бір орында тұрмау және кәсіби өсу үшін не істеу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.

Дәрістерден кейін қатысушылар мен спикерлер кофе-брейкте кездесті, ол жерде өз салаларындағы соңғы трендтер мен жаңалықтарды, өз идеяларын талқылады және алдағы іскерлік қарым-қатынастарды құру үшін байланыстармен алмасты.

Келесі Неконференцияға қатысуға өтінімдерді жіберуді жіберіп алмау үшін @terriconvalley инстаграмындағы  анонстарды өткізіп алмаңыз!

Қашан: 29 шілде
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.