Баспасөз-релиздері

Қарағандылықтар телефон көмегімен қызықты бейнероликтер жасауды үйренді

Бейне контент әлемі өз гүлденуін жалғастыруда және бұл жолы тәжірибелі контент-мейкер, SMM-менеджері және фрилансер Георгий Сергеев қатысушыларды мобильді құрылғылардан керемет бейнелерді жасауға шабыттандырып, үйретті. 31 қазан күні "Терриконовая Долина" ІТ-hub-да өткізілген митап қатысушыларға бейне монтаждау бойынша құнды білім мен дағдылар берді.

Іс-шара аясында Георгий Сергеев мобильді құрылғылардан қызықты бейне контент жасау туралы сараптамалық кеңестер мен білімімен бөлісті. Іс-шараның негізгі талқылау тақырыптарына мыналар кірді:

СapСut қосымшасы: оның мүмкіндіктері мен бейнелерді монтаждау құралдары туралы білді.

Монтаж жасауда көрерменнің назарын аударуға және оны ұстап қалуға қандай құралдар көмектесетінін білді: қызықты контент құруға арналған практикалық дағдылар мен кеңестер.

Бейнероликтарды түрлі платформаларға бейімдеу бойынша практикалық кеңестерді тыңдыды контент аудиторияға қалай қолжетімді және тартымды ету керектігін білді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Георгий Сергеевке және барлық белсенді болып қатысқан көрермендерге алғыс білдіреді, сонымен қатар алған білімдері мен дағдылары болашақта сапалы бейне контент жасау үшін пайдалы болады деп үміттенеді.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Қашан: 31 қазан, 19:00
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12