Баспасөз-релиздері

Terricon Valley дрондарды басқару бойынша курсты бастайды

2026-08-06 14:11
10–28 тамыз аралығында IT-hub Terricon Valley алаңында заманауи ұшқышсыз авиациялық жүйелер технологияларына арналған «DroneTech» практикалық курсы өтеді. Бағдарлама дрондармен кәсіби жұмыс істеуді, яғни пилоттаудан бастап аэрофототүсірілім жүргізу және алынған деректерді өңдеуге дейінгі дағдыларды меңгергісі келетіндерге арналған.

Курстың спикері — Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы Дмитрий Ожигин.

15 сабақ барысында қатысушылар ұшқышсыз авиациялық жүйелердің құрылымымен, заңнама талаптарымен және дрондарды қауіпсіз пайдалану ережелерімен танысып, пилоттаудың негіздерін және жабдықтарды ұшуға дайындауды меңгереді. Сондай-ақ аэрофототүсірілім миссияларын жобалауға, GNSS жабдықтарымен жұмыс істеуге, далалық түсірілім жүргізуге және геокеңістіктік деректерді алудың заманауи әдістеріне ерекше назар аударылады.

Курстың практикалық бөлімінде аэрофототүсірілім нәтижелерін Agisoft Metashape арнайы бағдарламалық жасақтамасында өңдеу үйретіледі. Тыңдаушылар фотограмметриялық өңдеу жүргізуді, жергілікті жердің цифрлық модельдерін құруды, ортофотожоспарлар мен топографиялық жоспарлар жасауды, сондай-ақ алынған деректерді кәсіби форматтарда экспорттауды үйренеді.

Қатысу тегін, тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://terricon.kz/ru/dronetech

Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Өтетін күні: 10-28 тамыз

Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн