13 мамыр күні “Терриконовая долина” IT-хабында Германиядағы Саар университетінің Language, Computation and Cognition зертханасында Research Assistant қызметін атқаратын Яна Вейцманның қатысуымен оқыту өтеді. Іс-шара жасанды интеллектке жай қызығушылық танытқандар үшін емес, оны нақты тапсырмаларды шешуге арналған тиімді құрал ретінде қолданғысы келетін студенттерге, мамандарға және барлық ниет білдірушілерге арналған.
Бүгінде жасанды интеллект құралдары білім беру, бизнес, маркетинг және бағдарламалау сияқты түрлі салаларға кеңінен еніп үлгерді. Алайда олардың қолжетімділігіне қарамастан, көпшілік пайдаланушылар бір мәселе төңірегінде жиі қиналады: олар ИИ-мен “дұрыс сөйлесе” білмейді, яғни нақты әрі пайдалы нәтиже алу үшін сауатты сұраныс (промпт) жасай алмайды. Бұл - уақытты босқа кетіруге, ИИ-ге көңіл толмауға және оны “басқаларға арналған құрал” деп қабылдауға әкеліп соғады.
Оқыту барысында қатысушылар жасанды интеллектке сауатты сұраныс жасау - яғни нақты, пайдалы және тәжірибеде қолдануға болатын жауап алуға мүмкіндік беретін промпттар құрастыру тәсілдерін үйренеді. Спикер тек теориямен шектелмей, тиімді промпттар жазу стратегияларымен бөлісіп, тәжірибелік сессия өткізеді. Осы бөлімде қатысушылар алған білімдерін өз тапсырмаларында - оқу процесіндегі рутиналарды автоматтандырудан бастап, жұмыс барысын оңтайландыруға дейін - қолданып көреді.
Бағдарламада техникалық терең білімсіз-ақ қолдануға болатын құралдарға ерекше назар аударылады. Яна қатысушыларға нақты нәтиже беретін шешімдерді таңдауға көмектесіп, пайдасы тек көрінетін, бірақ шын мәнінде тиімді емес сервистерді қалай тануға болатынын түсіндіреді.
Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 13 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн