Баспасөз-релиздері

29 қыркүйек күні IT-хабта мерейтойлық 30-Неконференция өтеді

29 қыркүйек күні ІТ-хабта мерейтойлық 30-Неконференция өтеді, бұл жерде IT және digital қауымдастығының барлық өкілдері жиналады. Осы жолы қатысушыларды пайдалы дәрістер, нетворкинг және кофе-брейктен бөлек, мерекелік кештің құрметіне ең белсенді қатысушыларды сыйлықтар күтеді.

Қатысушылар VК Cloud сәулетшісі Болат Кажкеновтың "Әзірлеуге және пайдалануға арналған бұлттар, Startup-тан Enterprise-қа дейін" тақырыбындағы және red_mad_robot-та жетекші IOS әзірлеушісі Борис Дипнердің "ChatGPT маған мобильді қосымшаны әзірлеуде қалай комектес(п)еді" тақырыбындағы дәрістерін тыңдай алады. Бұлтты қызметтер мен инфрақұрылымды құру, мобильді қосымшаларды әзірлеуде chatGPT-дің әртүрлі практикалық қолданылуы туралы айтылады.
Кәсіпкерлер өзгерістерге қалай жақсы бейімделу керектігін, тиімді оқуды түсінеді, сонымен қатар, банктік емес модельдің артықшылықтары туралы біледі. Бұл туралы қатысушыларға сертификатталған бизнес-трекер Расул Тасщановтың "Болашақ дағдылары" тақырыбындағы және Kcell-дегі мобильді қаржы сервистерінің басшысы Сергей Коптиктің "Необанк: Болашақ немесе қиял?” баяндамалары оқылады.

Біздің IT және digital қауымдастығының бір бөлігі болыңыз, мерейтойлық 30-Неконференцияға қосылыңыз!
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз. Тіркелу https://terricon.kz/ru/neconf сілтемесі бойынша қолжетімді.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 29 қыркүйек, 18:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.