Баспасөз-релиздері

Гейм-дизайнер митапта мобильді ойындарды әзірлеу туралы айтып береді

Gamedev - әзірлеудің ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі. 5 тамыз күні ІТ-хабта Сергей Межаков сөз сөйлеп, өзінің алғашқы мобильді ойынын қалай құруға және одан табыс алуға болатынын айтып береді.

Спикер мобильді ойындарды әзірлеуді неден бастау керектігін және оны қалай монетизациялау керектігін айтып береді. Қатысушылар гейм-маманына қандай дағдылар керек болатынын, әзірлеу қанша тұратынын және қандай құралдарды қолдануға болатындығын біледі. Сондай-ақ Сергей маркетингтік бөлім туралы айтып береді, яғни ақылы және ақысыз жарнамалық әдістер, аналитика үшін пайдалы қызметтер және ойындарды жарнамалау алаңдары.

Митап Gamedev саласында мансапты бастағысы келетіндерге және IT саласындағы өз бағытын ойластырып жүргендерге пайдалы болады. Қатысу тегін, митапқа офлайн және Webex Meetings платформасы арқылы онлайн форматында қатысуға болады.

https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 5 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС