Баспасөз-релиздері

ІТ-хабта мобильді әзірлеуші болуды қайлайтындар үшін митап өткізіледі

Swift - бұл Apple әзірлеген қуатты, бірақ үйренуде оңай бағдарламалау тілі. Ол көп жағдайда iOS және macOS қосымшаларын жасау үшін қолданылады. 13 желтоқсан күні IT-хабта "Swift-те қосымшаларды әзірлеу негіздері" тақырыбында митап өткізіледі, ол барлық жаңадан бастаушы әзірлеушілерге пайдалы болады.

Шақырылған спикер - Wooppay ЖШС-де iOS әзірлеушісі Богдан Шматов болады. Жоспар бойынша талданатын тақырыптар, ол Swift-ке кіріспе: бағдарламалау тілдерінің негіздері, негізгі ерекшеліктері және оны iOS-ты әзірлеу үшін Apple не себептен таңдады; Xcode-тағы жоба құрылымы: Xcode әзірлеу ортасындағы жоба құрылымының негізгі элементтері, соның ішінде файлдар, қалталар және кодты қалай дұрыс ұйымдастыру керек; UIKit-пен жұмыс істеу негіздері: UIKit-тің негізгі компоненттері, UIViewController, UIView, UITableView сияқты және олар қосымша интерфейсін құру үшін қалай өзара әрекеттеседі.

Студенттерды және жаңадан бастаушы әзірлеушілерді тегін митапқа қосылуға шақырамыз. Офлайн және онлайн форматта қатыса аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 13 желтоқсан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.