Баспасөз-релиздері

Жаңадан бастаушы деңгейдегі ойын әзірлеушілерге арналған курс аяқталды

2025-10-27 10:21
24 қазан күні Unity платформасында ойын жасауға арналған 15 күндік курс аяқталды. Бұл платформада бүкіл әлемде мыңдаған әзірлеушілер жұмыс істейді. Екі апта ішінде қатысушылар ойын қозғалтқышының қалай жұмыс істейтінін ғана емес, өздерінің алғашқы ойындарын да жасап шығарды.

Курсты Unity-әзірлеушісі Андрей Авдощенко жүргізді. Ол қатысушыларға тек нұсқаулықты орындап қана қоймай, ойын жасаудың принциптерін түсінуге, креативті шешімдер іздеуге және ойындарды өзін-өзі таныту мен болашақ мамандыққа арналған құрал ретінде қарауға көмектесті. Курс соңында қатысушылар өз идеяларынан бастап, деңгейлер, кейіпкерлер логикасы және визуалды эффектілерді қамтитын жобаларын таныстырды.

Курс мектеп оқушылары мен педагогтарды біріктірді: кейбірі ойын индустриясында алғашқы қадамдарын жасаса, басқалары сабақтарында қолдануға болатын жаңа білім беру құралын игерді.

Қашан: 6-24 қазан (апта ішінде), 17:00-19:00
Өтетін орны: Бұқар жырау ауданы, Ғ. Мұстафин атындағы кенті, Мира көшесі, 13, КММ «Тоқаревка тірек мектебі (Ресурстық орталық)»
Форматы: офлайн – мұғалімдер мен оқушыларға, онлайн – барлық ниет білдірушілерге

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.