Баспасөз-релиздері

KRAFT Qazaqstan сарапшылары сатылымның өсу стратегиялары туралы айтып берді

2024-05-31 17:26
29 мамыр күні IT-хабта "Маркетплейстермен тең емес бәсекелестік жағдайында даму стратегиясы" тақырыбында дәріс өткізілді. Шақырылған спикерлер өз компанияларының 100 миллиондай пайданы жоғалтып алу туралы кейсімен бөлісті және тауардың құндылығын арттыру үшін қандай құралдар қажет екенін айтты.

Өз сөзінде KRAFT Qazaqstan СЕО-сы Алексей Пан және KRAFT Qazaqstan-да маркетинг бөлімінің басшысы Ульета Дмитренко маркетплейстердің бизнес пен бөлшек саудаға әсерін қалай жеңуге болатынын айтты. Сарапшылар "қызыл мұхит" стратегиясы туралы айтып, бірегей сауда ұсынысын қалай жасау керектігін және процестерді автоматтандыру мен оңтайландыру не үшін қажет екенін түсіндірді. Сондай-ақ, Ульета ілмекті-тауар деген не екенін, оның қалай жұмыс істейтінін және клиентті қалай тартатынын айтты. Соңында аудиториямен "сұрақ-жауап" сессиясы өтті.

Дәрістің видео жазбасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B1nFIL_NqTU

Қашан: 29 мамыр
Өткізілген орны:"Терриконовая долина"
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.