Баспасөз-релиздері

IТ-хабта SportTech vs PropTech тақырыбы бойынша әзірлеушілерге арналған Хакатон өткізілді

Хакатон - бұл командалық жарыс, ол жерде қатысушылар өнімнің прототипін немесе жобасын шектеулі уақыт ішінде, яғни 3 күнде жасауы керек. Осы уақыт ішінде әр команда ақшалай сыйлыққа тайталасып, кейсте көрсетілген тапсырмалардың бірі бойынша өз шешімін әзірлейді. "Терриконовая Долина" Хакатонының жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады, ол үздік екі команда арасында бөлінді.

Аталған тақырып спорт және жылжымайтын мүлік саласындағы шешімдер болды. Қатысушыларға арналған кейстерді ұйымның серіктестері ретінде шақырылған - Wooppay фин-тех компаниясы және ApartX жалға берілетін мүлікті қашықтан басқару платформасы дайындады. Wooppay - әуесқой лигаларда қаражат жинауға және есепке алуға арналған қосымшаны немесе ботты әзірлеуге арналған кейсі, ал ApartX - персоналды іріктеу бойынша сервис құру міндеті.

Хакатон басында 51 команда қатысты, бірақ тек 22-сі соңына дейін ғана жете алды. Алғашқы екі орын №24 және №43 командаларға берілді. 24-ші команданың қатысушылары клининг саласындағы жұмыстарды құру, іздеу, қабылдау, орындау, бағалау үшін MVP жүйелерін ұсынды. Олардың жобасы сонымен қатар пошта арқылы авторизациялауды, пайдаланушыларды бұғаттау мүмкіндігін, машиналық оқыту арқылы ұсынылған жұмыс құнын автобағалауды және интерфейс тілін таңдау мүмкіндігін қамтиды. №43 команда жобасы - әуесқой лиганың ақшалай қаражатын есепке алу қызметі, оның функционалдығының үш рөлі бар: User - авторизация, тіркеу, хабарламалар; Ұйымдастырушы - жеке басын тексеру, матч құру, команданы растау; Қатысушы - қолжетімді матчтарды қарау, таңдаулыларды сақтау, команда құру, төлем, есепті оқу мүмкіндігіt, PIN командасына қосылу, кесте. Екі команда да өз жобаларын одан әрі әзірлеуге 500 000 теңгеден алды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар Dream Way серіктестерінің тілдік курстарына Хакатон қатысушылары арасынан бес сертификат ойнатты.

Хакатонның қорытындысын біздің YouTube арнасындағы видео жазбалардан көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=DnUnQQuCFlw

Қашан: 25 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС