iOS-әзірлеуші финтех-қосымшаларды қалай жасауға болатынын айтты
2025-06-06 11:47
5 маусым күні Қарағандыдағы “Терриконовая долина” IT-хабында тәжірибеге негізделген воркшоп өтті. Іс-шараға танымал қосымшалардың күрделі интерфейстерінің қалай жұмыс істейтінін сөз жүзінде емес, іс жүзінде түсінгісі келген жас әзірлеушілер мен студенттер жиналды. Бір кештің ішінде қатысушылар SwiftUI көмегімен Қазақстандағы ең технологиялық әрі қолданушыға ыңғайлы мобильді сервистердің бірі - Kaspi қосымшасының прототипін жасап шықты. Олар архитектура, навигация, логика және визуалды элементтермен жұмыс істеді.
Воркшоптың спикері - Wooppay компаниясының iOS-әзірлеушісі Богдан Шматов - қатысушыларға жай ғана қай жерде қандай код жазу керектігін көрсетіп қана қойған жоқ, ол оларды мобильді әзірлеушінің ойлау жүйесіне енуге шақырды. Kaspi неге дәл солай құрылған? - осы сұраққа нақты мысалдармен жауап берді. Абстрактілі тапсырмалардың орнына - нақты экрандар. Шаблонды мысалдардың орнына - нақты функционал: карточкалардың анимациясымен, QR арқылы төлем жасаудың мини-режимімен және таббардың дұрыс жұмыс істеу ерекшеліктерімен терең танысу болды.
Іс-шараның атмосферасы жұмысқа толы болғанымен, өте белсенді әрі еркін өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, бір-бірімен салыстырып, түрлі тәсілдерді талқылап, дизайн шешімдері жайлы пікірталас жүргізді. Көпшілік кеш соңында экрандарында жұмыс істейтін прототиппен ғана емес, сонымен қатар өздерінің pet-жобаларын қалай жақсартуға немесе SwiftUI мүмкіндіктерінен шабыт алып, мүлде жаңа жобаны бастау идеяларымен де қайтты.