FashionMode Hackathon – сән индустриясына арналған шешімдерді әзірлеуге бағытталған үш күндік марафон – сәтті аяқталды. Хакатонның серіктесі Avishu компаниясы болды. Қатысушылар екі негізгі кейс бойынша жұмыс істеді: тігін өндірісін оңтайландыруға арналған мобильді қосымша әзірлеу және сән саласына арналған AI-көмекшіні жасау. Нәтижесінде командалар процестерді цифрландыруға және fashion-салаға жасанды интеллект құралдарын енгізуге бағытталған жұмыс істейтін MVP мен прототиптерді ұсынды.
«Тігін өндірісін оңтайландыруға арналған мобильді қосымша» кейсі бойынша жеңімпаз — Қарағанды қаласынан №54 командасы (Максим Галимов, Радион Галимов, Жанабек Шотаев). Қатысушылар бір қосымша ішінде төрт рөлді қамтитын жұмыс істейтін MVP әзірледі: клиент, франчайзи, өндіріс және әкімші. Жүйе деректерді нақты уақыт режимінде синхрондап, пайдаланушыларды автоматты түрде бағыттауды жүзеге асырды. Команда 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
Екінші орынды және 150 000 теңгені Астана қаласының №30 командасы (Дінмұхамет Сәли, Кирилл Кругельчук, Нұржан Дәулетбаев, Даниял Марат) жеңіп алды. Команда тіркелу жүйесі, тапсырыстар каталогы, аналитика, Telegram-бот және ақауды анықтау мен крояны оңтайландыру сияқты AI-функциялары бар веб-шешімді ұсынды.
Үшінші орынды №16 команда (Дмитрий Кондрашов, Диас Сағымбеков, Даниил Семёнов) және №8 команда (Артем Пинигин, Иван Ефремов, Алихан Жұмабек) өзара бөлісті. Әр команда 75 000 теңгеден ақшалай сыйлық алды.
«Сәнге арналған AI-көмекші» кейсі бойынша бірінші орынды және 250 000 теңгені Қарағанды қаласының №55 командасы (Думан Раймберді, Айбек Әлімхан, Нұрхан Әли) иеленді. Команда пайдаланушы сұранысын талдап, білім базасынан деректер жинап, арнайы AI-агенттер көмегімен нақты жауап беретін көпагентті AI-ассистент әзірледі.
Екінші орынды және 150 000 теңгені Алматы қаласының №50 командасы (Нуридин Нурман, Нуралы Әбдрашев) алды. Қатысушылар виртуалды киіп көру жүйесін, AI-стилистті, сурет генерациясын, балама образдарды ұсыну және пайдаланушы гардеробын ескере отырып ұсыныс жасау функцияларын қамтитын прототип ұсынды.
Үшінші орынды №53 команда (Арман Батиев, Мирас Зәрубек) иеленді. Олар өздері баптаған модель негізінде 20–25 секунд ішінде фотореалистік нәтижемен киімнің AI-киіп көруін жасайтын мобильді қосымша әзірледі.
Хакатон fashion мен технология тоғысындағы жаңа идеяларды сынақтан өткізуге, таланттарды табуға және инновациялық шешімдерді дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.
Қашан: 27-29 наурыз
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Формат: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.