16 наурыз күні хабта MOROZ студиясының негізін қалаушы Иван Мороздың дәрісі өтеді. Кездесу IT саласындағы кәсіби дамуға және фриланс жобалардан өз студиясын жүйелі түрде дамытуға көшу тақырыбына арналады.
Дәріс барысында спикер халықаралық студия құру тәжірибесімен бөлісіп, фриланс мансабын бастаған мамандар қандай қиындықтарға тап болатынын түсіндіреді. Сондай-ақ жұмыс үдерістерін жеделдетуге және жобаларды масштабтауға көмектесетін заманауи құралдарға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, сайттар мен цифрлық өнімдерді әзірлеуде жасанды интеллект құралдары мен no-code шешімдерді қолдану мәселелері қарастырылады.
Дәріс IT саласында мансапты дамытқысы келетін студенттерге, бастаушы мамандарға және фрилансерлерге арналған. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 16 наурыз, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн