24 сәуір күні Қарағанды қаласында кезекті Неконференция өтті. Іс-шара IT және digital-қоғамдастық өкілдерін, кәсіпкерлерді, әзірлеушілерді және технологиялар мен нарықтың дамуын қадағалайтын барлық қатысушыларды біріктірді. Кездесу кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және жергілікті комьюнити ішінде жаңа таныстықтар жасауға арналған маңызды алаңға айналды.
Бағдарлама аясында қатысушылар финтех-сервистердің дамуын Сергей Коптикпен бірге талқылап, оның цифрлық төлем шешімдерінің банк карталарымен бәсекелестігі туралы тәжірибесін тыңдады. Евгений Ваниев нәтижеге бағытталған төлем жүйелерін құру тәсілдерімен бөлісті. Стартап айналасында мықты қауымдастық қалыптастыру және комьюнити-дің өсу драйверіне айналуы туралы Марат Шакен баяндады.
Жасанды интеллект дәуіріндегі қауіпсіз бағдарламалау мәселелерін Аружан Қалдыбек көтерсе, Эльвира Нұғманова өнім менеджментіндегі алғашқы қадамдар туралы жеке тәжірибесімен бөлісті. Ал Wooppay компаниясының CEO кеңесшісі Алексей Сомов техникалық салада кәсіпкерлік ойлаудың маңызын, яғни әзірлеушіге бизнес-көзқарас не үшін қажет екенін түсіндірді.
Сөйлеушілерден бөлек, қонақтар белсенді түрде пікір алмасып, байланыс орнатып, бірлескен идеяларды талқылады.