11 шілде күні Қарағандыдағы «Терриконовая долина» IT-хабында өнімдермен жұмыс істеуде жасанды интеллектіні қолдануға арналған қазақ тіліндегі дәріс өтеді. Спикер - ProductBee стартапының негізін қалаушы және CEO-сы, BI Group девелоперлік компаниясының экс-CPO-сы, цифрлық өнімдерді басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар маман Бахытжан Жакажанов.
Дәріс студенттерге, тәжірибесі аз немесе орта деңгейдегі IT-мамандарға, сондай-ақ жасанды интеллектінің жедел ендірілуі аясында мамандық талаптарының қалай өзгеріп жатқанын түсінгісі келетін өнім менеджерлеріне арналған. Спикер әлемдік негізгі трендтерді және отандық тәжірибелерді, оның ішінде BI Group пен басқа ірі компанияларда AI шешімдерін енгізудегі практикалық кейстерді талқылайды.
Дәріс тыңдаушылардың кең ауқымына пайдалы болады: IT саласына енді қадам басып жатқан студенттерден бастап, өнімді басқарушы жетекшілер мен өз кәсіби өзектілігін автоматтандыру дәуірінде сақтап қалғысы келетіндерге дейін.
Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 11 шілде, 19:00
Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн