Баспасөз-релиздері

WOOPPAY спикері жобалық менеджерлік мансап туралы айтып берді

13 қарашада IT-hub “Терриконовая долина” жобаларды басқару саласында жұмыс істеуді ойлап жүрген мамандар мен студенттерді жинады. WOOPPAY компаниясында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша техникалық директордың орынбасары Владислав Ладан өткізген дәріс гибридті форматта өтіп, жаңа бастаған мамандар мен IT-де бағыт таңдап жүрген студенттердің қызығушылығын туғызды.

Кездесу барысында Владислав ПМ-нің міндеттері өнімнің масштабы мен команданың құрамына байланысты қалай өзгеретінін түсіндірді. Әңгіменің маңызды бөлігі кәсібің “көрінбейтін” жағына арналды: стейкхолдерлермен жұмыс, белгісіздікпен күрес, үздіксіз оқудың қажеттілігі.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын практикадағы мысалдар туғызды – дәрісте нақты жағдайлар талқыланды, мысалы, әдістемені дұрыс таңдамау немесе тәуекелдерді бағалаудағы қателік өнімнің тағдырына қалай әсер етуі мүмкін екені қарастырылды. Спикер ПМ, продакт, скрам-мастер және техникалық лидер рөлдерінің қалай қиылысатынын және бұл шекараларды түсіну командалық жұмыс үшін неге маңызды екенін нақты түсіндірді.

Дәріс белсенді сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды: қатысушылар кәсіби салаға тезірек қалай кіруге болатынын, алғашқы жылдары қандай дағдылар өсуге көмектесетінін және қай жобаны таңдау newbie үшін ауыртпалық болмайтынын сұрады.

Қашан: 13 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Формат: онлайн/офлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.