Баспасөз-релиздері

"Терриконовая Долина" кәсіпкерлерге арналған жаңа акселерациялық бағдарламаны іске қосады

Акселератор - бұл жаңа клиенттерді тартқысы келетін, орташа чекті көбейтіп, филиалдарын ашқысы келетін кәсіпкерлерге арналған қарқынды білім беру бағдарламасы. Екі айдың ішінде біз сізге бәсекелестік айырмашылықты қалай табуға, нарықтық стратегияны жасауға, жіберілген қателіктерді анықтауға және шешуге үйретеміз.

Акселератордың бағдарламасы оқытуды, дағдыларды тәжірибеде пысықтауды, шақырылған сарапшылармен жеке консультацияларды және тәлімгермен жұмыс істеуді көздейді. Бағдарламаға қатысу барысында біз көптеген воркшоптарды өткіземіз, соның ішінде тақырыптар бойынша:

- Мақсатты аудитория және құнды ұсыныс
- Әлеуметтік желілерде жылжыту
- Жаңа нарықтарға шығу
- Команданы басқару
- No-code бағдарламалау
- Сатуды жүргізу
- Гранттар, мемлекеттік қолдау шаралары

8 апта ішінде компанияның кірісін 10-15%-ға арттырғыңыз келеді ме? Олай болса жаңа Акселератор ағынына қосылыңыз! Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/accelerator

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 17 қазан - 11 желтоқсан
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.