Баспасөз-релиздері

DemoDay-да Акселератор және Инкубатор бағдарламаларының қорытындыларын шығарды

Акселератор мен Инкубатор аяқталғаннан кейін қорытындылау сәті - DemoDay өткізілді. 10 апта бойы 63 команда өз жобаларын дамыту және бизнес-процестерді нығайту үшін сарапшылармен кездесулерге қатысты. Негізгі жетістіктерді атап өтейік.

Инкубатор:

1. BSKILL, үйірмелерді брондауға арналған платформа 20 келісімшарт жасасып, 10 сатылым жасады.
2. ALU, ақылды жүк тасымалдау қызметі, күніне 2-3 сатылымға дейін жетті және өздеріне 10-нан астам серіктес тартты.
3. ConnActive, шетелде білім алу бойынша консалтингтік компания, ₸1.3 млн. сомасына сатылым жасап, аудиториясын 3500 адамға дейін арттырды.
4. Kudrat, гравитациялық қозғалтқыштарды әзірлеуші, ынтымақтастық мақсатындағы келісімдерге қол қойып, сынақтарды өткізуді бастады.
5. OqyrmanAl, ЖИ қолдана отырып қазақ тілін үйрену жобасы, клиенттік базаны 1000 адамға дейін ұлғайтты және алғашқы сатылымдар жасады.
6. Povodog, жануарларға арналған тауарлар мен қызметтерге арналған маркетплейс, алғашқы жеткізушілерді қосып, 150,000 теңгеге сомасына сатылымдарды тартты.
7. Nurami, қазақстандық суретшілердің суреттері бейнеленген киім бренді, 125,000 теңге сомасына 35 сатылым жасады.

Акселератор:

1. Testter.kz, онлайн оқыту және емтиханға дайындық платформасы, 15 келісімшарт жасасып, сату бөлімін құрды.
2. NEXUS MARKET, Telegram Web App базасындағы интернет-дүкен, жаңа клиенттерді тартты және ₸1.5 млн. сомасына келісімшарт жасасуға дайын.
3. AGROEXPO, фермерлік өнімдерді сатуға арналған платформа, клиенттер санын 4 есеге арттырды.
4. Edwica, мансаптық мақсаттарға жету бойынша кезеңдік жоспар құруға арналған сервис, университеттермен серіктестік құрды.
5. KEDEN, кеден экожүйесі, клиенттік базаны 9500 адамға дейін арттырды және премиум нұсқасын әзірледі.
6. STUDYUP.ONLINE, ағылшын тілінің онлайн-мектебі, студенттер санын 7 есеге және табысты 4 есеге арттырды (₸350000-нан ₸1.5 млн. - ға дейін).

Үш команда - ALU, Povodog және BSKILL - 400,000 теңге сомасында грант иегерлері атанды. Testter.kz жобасы Яндекстен ₸2.4 млн. теңге грант алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға өз жобаларын дамытуда табыс тілейміз!

Іс-шара жазбасы сілтеме арқылы қолжетімді https://youtube.com/live/xVMxHw9AM8U

Қашан: 23 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.