Баспасөз-релиздері

Алина Шедрикс қосымшаларды орналастыру туралы дәріс өткізеді

2024-08-21 15:37
GitOps — бұл Git-ті бастапқы кодты басқару жүйесі ретінде қолданатын операциялық процедуралар мен кодқа негізделген инфрақұрылым. 24 тамызда IT-хабта "Flux & ArgoCD көмегімен AWS EKS мысалында GitOps-ты тәжірибеден көру" тақырыбында тәжірибеге бағытталған дәріс өтеді, дәрісте сізге қосымшаларды қалай тез және қауіпсіз орналастыру керектігін айтылады.

Қатысушылар үшін EPAM-да Lead Systems Engineer Алина Шедрикс сөз сөйлейді. Оның дәрісі теорияны талдауды және алған білімді тәжірибеде пысықтауды қамтиды. Алина GitOps артықшылықтарын, Getopt көмегімен CI/CD баптауды және операциялар мен әзірлемелерді біріктіруді талдайды.

Дәріске студенттерді, бағдарламашыларды, Devops-мамандарды шақырамыз. Қатысушылардың өзімен бірге ноутбуктары болуы керек. Дәріс тегін өткізіледі.

Іс-шара EPAM-мен серіктестікте Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Тіркелу сілтеме бойынша: https://terricon.kz/ru/it

Қашан: 24 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.