Карина Камешова - 7 жылдық сату тәжірибесі бар кәсіпкер. 3 маусым күні ол IT-хабта онлайн-бизнес ашудың жеке тәжірибесі туралы айтып, кәсіпкерлермен өз ұсыныстарымен бөлісті.
"Онлайн-бизнес - бұл интернет арқылы табыс табуға бағытталған қызмет. Бірақ онлайн-бизнесті интернеттегі уақытша жалықыдан ажырата алу керек. Біріншісі тұрақты табыс әкелетін өз кейсін құруды, ал екіншісі уақытша пайда табуды білдіреді", - деп түсіндірді Карина.
Спикер онлайн-қызметтің бірнеше өзекті түрлері бар екенін атап өтті. Оларға интернет-дүкен, блогинг, коучинг, жеке бренд, ақпараттық бизнес, SMM және таргетинг, копирайтинг, қашықтан қызмет көрсету, веб-дизайн, консалтинг / аудит / бухгалтерлік есеп кіреді.
Онлайн-сатып алудың артықшылықтарына Карина фрилансинг мүмкіндігін, бюджетті үнемдеуді, мемлекеттік тендерлерге қатысу мүмкіндігін, салымсыз жұмысты және т.б. жатқызды. Ол әр тармақты егжей-тегжейлі талдап, неге олар өз мысалында жұмыс істейтінін түсіндірді.
Сондай-ақ сарапшы өз тауарларын немесе қызметтерін қалай жылжыту керектігін айтып берді. Ол бірнеше кеңестер берді: өз өнімінің пайдалылығын түсіну керек, осы пайдалылықты клиентке жеткізу, клиентке қажетті тауарға немесе қызметке сұранысын жабу және т.б. Каринаның айтуынша, ең бастысы - аудиторияның сенімін арттыру.
Сонымен қатар спикер мүмкіндік болған жағдайда офлайн-нүктенің болуы неліктен маңызды екенін түсіндіріп, клиенттердің психотиптері туралы маңызды ақпарат берді. Соңында қатысушылар Каринаға сұрақтар қойды.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”. Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.