Қарағандыда бизнесті цифрландыру және 1С шешімдерін іс жүзінде қолдану тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара есеп, автоматтандыру және бизнес-процестерді бақылау мәселелерімен күнделікті бетпе-бет келетін кәсіпкерлерді, бухгалтерлерді, басқарушы мамандар мен IT-өкілдерді жинады. Қатысушылар 1С жүйесін күнделікті енгізумен айналысатын сарапшыларға тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.
Дәрісті “1С:Франчайзинг Ваниев” компаниялар тобының мамандары өткізді. Кездесудің басты ерекшелігі — теорияға емес, нақты тәжірибеге негізделген мазмұнында болды. Спикерлер әдетте тасада қалатын мәселелермен бөлісті: жүйеде жиі қай жерден қателіктер кетеді, жалақыны қате жібермей қалай есептеу керек, және неге дүкендердегі ревизиялар форс-мажорға айналмауы тиіс.
Тыңдаушылар автоматтандыруға, әсіресе бөлшек сауда мен стартаптардағы шешімдерге арналған блоктарға ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ салық есептілігіне қатысты тақырыптар - 910 және 913 формалары, тауар есебіндегі жиі кездесетін қателер және олардың елеулі қаржылық шығындарға қалай алып келетіні жайлы талқылау үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген қатысушылар дәрістен тек білім ғана емес, өз компанияларындағы процестерді келесі күні-ақ жақсартуға мүмкіндік беретін нақты идеялармен оралды.
Қашан: 14 маусым, 12:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС