Баспасөз-релиздері

Андрей Никулин бағдарламалауда кәсіби бастама туралы митап өткізді

Көптеген студенттер мен орта мектеп оқушылары, сондай-ақ, басқа салалардың мамандары IT-де мансапты бастауды армандайды, бірақ неден бастау керектігін білмейді. Мұндай жағдайларда өз білімдері мен лайфхактарымен бөлісуге дайын қазіргі айти мамандары мен тәлімгерлердің тәжірибесі өте пайдалы. 22 шілдеде ІТ-хабта backend-әзірлеушісі Андрей Никулин сөз сөйледі, ол фриланстағы әзірлеушінің мансабы және backend-әзірлеуді қайдан бастау керектігі туралы айтты.

Баяндаманың басында спикер қай жерде және қандай жобалармен айналысатынын, сондай-ақ, өз қызметі үшін фрилансты не үшін таңдағанын және тапсырыстарды қайдан алғанын айтты. Андрей фриланстың өзіндік қиындықтары бар екенін, оның ішінде өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейдің болуы және мерзімдер мен шығындарды бағалаудың күрделілігі қажет екенін атап өтті.

Содан кейін сарапшы әзірлеу бағыттарын, тақырыпты зерттеу әдістерін талдап, салаға жаңадан келгендерге арналған өзіндік оқу жоспарымен бөлісті. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Андрей мамандарды басында қандай қиындықтар күтіп тұрғанын, оларды қалай жеңуге және IT-де өз орнын табуға болатынын айтты. Соңында ол аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Қашан: 22 шілде
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС