23 маусым күні “Терриконовая долина” IT-хабында Yandex компаниясының интерфейс әзірлеушісі Саяжан Онласынның дәрісі өтеді. Оның еңбек тәжірибесінде EPAM компаниясы мен бірнеше стартаптарда жұмыс істеу, Rolling Scopes School жобасындағы тәлімгерлік және өнімдік командаларда тимлид ретінде қызмет атқару бар. Дәріс IT-өнімді бастапқы кезеңде іске қосуға қатысты техникалық аспектілерге — roadmap құрудан бастап жобаны масштабтауға дейінгі тақырыптарға арналмақ.
Дәріс стартап бастауды, пет-проект жасауды немесе хакатон прототипін әрі қарай дамытуды жоспарлап жүрген IT-кәсіпкерлерге, әзірлеушілерге және продакт-менеджерлерге арналған. Саяжан стартаптың бастапқы кезеңінде ресурстарды тиімді бөлу, MVP үшін технология таңдау, команданы дұрыс құру және техникалық қарызға батып кетпеу жолдары жөнінде нақты тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, дәріс барысында жаңадан бастаған фаундерлер жиі жіберетін қателіктер мен олардан қалай сақтануға болатынына ерекше назар аударылады.
Қатысушылар жобаны іске асырудың алғашқы кезеңінен бастап қандай процестерді жолға қою қажет екенін және қандай міндеттерді кейінге қалдыруға болатынын түсініп шығады. Дәріс идеядан іске асыру кезеңіне өтіп жатқан, уақыт пен қаражатты дұрыс жұмсағысы келетін жандар үшін пайдалы болады.
Қатысу тегін, тіркелу сілтеме арқылы жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 23 маусым, 19:00
Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн