Баспасөз-релиздері

Спикер студенттерге халықаралық компанияларда жұмыс істеу туралы айтты

26 наурыз күні Қарағанды банктік колледжінде «Global Mindset: халықаралық команданың бір бөлігі болу жолы» атты дәріс өтті. Іс-шара жаһандық кәсіби ортада мансап құруға қызығушылық танытқан студенттерді біріктірді.

Спикер ретінде DataArt компаниясының Learning & Development менеджері Евгения Помазай қатысты. Ол халықаралық командаларда жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, еңбек нарығындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді. Қатысушылар жұмыс берушілер неге бейімделу қабілеті жоғары мамандарды жиі іздейтінін, оқуға бейімділікті қалай дамыту керектігін және кез келген салада сұранысқа ие болуға көмектесетін дағдыларды талқылады.

Студенттер global mindset-ті дамыту бойынша ұсыныстар алды, халықаралық рекрутерлер нені ескеретінін білді және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қазірден бастап қандай қадамдар жасауға болатынымен танысты.

Қашан: 26 наурыз, 11:00

Өтетін орны: Қарағанды банк колледжі, С.Мұқанов көшесі, 3

Форматы: офлайн – студенттер үшін, онлайн – барлық ниет білдірушілер үшін

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.