Баспасөз-релиздері

Frontend developer чат-қосымшасын жобалау курсын өткізді

8 шілде күні ІТ-хабта жаңадан бастаушы әзірлеушілер үшін тегін курс басталды. Оқыту 13 күнге созылды. Бағдарламада теория да, тәжірибеде білімді пысықтау да қарастырылған.

Курстың шақырылған спикері Frontend developer Махмут Аскербекулы болды. Интенсив үш модульге бөлінді. Біріншісі HTML, CSS және JavaScript негіздерін үйренуді қамтыды, екіншісі JavaScript-пен жетілдірілген жұмысты қамтыды, ал үшіншісінде қатысушылар WebSockets-тен өтіп, чат-қосымшасының жобасында жұмыс істей бастады.

Оқыту қорытындысы бойынша курс студенттері нөлден бастап чат-қосымшасын құрып, өз жобаларын аудитория алдында таныстырып, спикерден кері байланыс ала алды. Соңында Махмут әзірлеу саласын одан әрі зерттеу бойынша өзінің нұсқаулары мен ұсыныстарын берді.

Қашан: 8-24 шілде
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы
Алалыкин к., 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.