Шақырылған спикер - Николай Тян, "Kazdream" ІТ-холдингінің BI-аналитикасы жобасының жетекшісі және акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардың трекері. Ол өз тәжірибесімен бөліседі және бәсекеге қабілетті өнімді қалай құру керектігін айтады.
Николай келесі тақырыптарды талдайды: идеяны таңдау, клиенттің портретін және оның мәселелерін анықтау, құндылық ұсынысын тұжырымдау, нарық көлемін анықтау, клиенттерді зерттеу және гипотезаларды тез тексеру. Дәріс бөлімінен кейін спикер қатысушылармен алған дағдыларын бекіту үшін практикалық сабақ өткізеді.
Қатысушылар берілген сілтеме бойынша тіркеле алады: https://terricon.kz/ru/startup-school Сіз офлайн-форматта қатыса отырып, автоматты түрде ұйымдастырушылардан кітаптың ұтыс ойынына қатысасыз, сондай-ақ спикерден нақты кері байланыс аласыз және болашақ ынтымақтастық үшін серіктестерді таба аласыз. Барлық қатысушылар үшін кофе-брейк үзіліс қарастырылған.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 27 августа, 12:00 - 20:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС