Баспасөз-релиздері

IТ-хабта Хэллоуин тақырыбымен кезекті Неконференция өтті

Қазан айындағы Неконференция 27 қазан күні "Терриконовая Долина" ІТ-hub-да IT және Digital индустриясы әлемінің мамандары мен энтузиастарын біріктірді. Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізілген іс-шара қатысушыларға кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ өз білімдерін байытуға ұмытылмас мүмкіндік берді.

Төрт үздік спикер іс-шараның негізгі тақырыптарын ашып өтті:

Qtap компаниясында CPO/CDO, ex-BIG4 Art-Director Айдын Айдынгали “Пайдаланушыға бағытталған өнімдерді құру” дәрісін таныстырды. Қатысушылар пайдаланушыға бағытталған өнімді қалай жасауға болатынын, бизнес пен өнім үшін дизайнның маңыздылығы туралы біле алды.

"Panda Innovation" ЖШС-де СЕО/СТО Айдер Нуриддинов “Табысты стартап туралы мифтер мен аңыздар” туралы айтып берді. Стартапты іске қосуды армандағандардың барлығына пайдалы болды. Айддер CustDev-ті стартаптарда дұрыс талдаудың маңыздылығымен бөлісті.

Bloomberg-тегі Software engineer intern Темирлан Нурлигенов "Менің Яндекс, Meta және Bloomberg компаниялардағы жолым" тақырыбындағы дәрісте өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар оның сөзінен тағылымдамаға қалай кіруге болатынын, мәселенің қаржылық жағын, үздік компанияларда тағылымдамаларда әдеттегі күннің өтуі туралы білді.

Intellectokids-тегі Senior Backend Developer Алексей Буравов "Логтарды жасау құралдары және өзіңіздің open-source логгеріңізді қалай жазуға болады" дәрісін өткізді. Өзінің оpen-source құралын жасау мысалында логтаудың басты аспектілері туралы, форматтар, өрістер және құрылымдау туралы қарастырды.

Неконференцияға қатысқандар саладағы соңғы трендтер туралы білу, маңызды мәселелерді талқылау және кәсіби желісін кеңейту мүмкіндігін бағалай алды.

Іс-шара білім мен тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болды.

Қазан айында өткізілген Неконференция ІТ-қауымдастығы үшін маңызды іс-шара ретінде өзінің беделін растады. Ұйымдастырушылар барлық спикерлер мен қатысушыларға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді және болашақ іс-шараларда әлі де кездесуге үміт артады.

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Қашан: 27 қазан, 18:30
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12