Баспасөз-релиздері

Стартаперлерге жобаны іске қосу кезіндегі сәтсіздікке жол бермеу туралы айтылады

Көп жағдайда бастапқы кезеңдегі стартаптар ғана емес, сонымен қатар инвестиция алғандар да сәтсіздікке ұшырайды. 11 маусым күні дәрісте қандай қателіктер жіберілгені және оларды қалай болдырмауға болатындығы талданады.

Спикер "Терриконовая долинаның" Head of investment Денис Скоморохов болады. Нақты сәтсіз стартаптардың мысалында ол инвестицияланған жобаларда не болғанын талдайды. Сондай-ақ, ол стартаптарға инвесторға не және қалай айту керектігі туралы ұсыныстар береді. Соңында "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді.

Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді, Инкубатор мен Акселератор қатысушыларын, жобаларды немесе қаржыны басқару саласында оқып жүрген студенттерді шақырамыз. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 11 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.