Баспасөз-релиздері

25 тамызда IT-хабта Неконференция өткізіледі

Ай сайын "Терриконовая долина" ІТ-хабында IT және digital мамандарының жергілікті қоғамдастығының барлық өкілдері ірі желілік іс-шараға жиналады. Бұл жолы ұйымдастырушылар бірден алты спикерді баяндамаларын оқуға шақырды. Дәстүр бойынша іс-шараның аяқталуы танысу, талқылау және кофе-брейк болады.

Қатысушылар Aviata.kz-та QA engineer Александр Соколов, Kcell-дегі BackEnd Team-Lead Арнур Нуров, Geometry.kz IТ-компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Болат Кисамбаев, Додо Пицца-дағы маркетолог-талдаушы Анастасия Голощук, ICORE-Consulting-те қаржыны басқару саласындағы корпоративтік консалтинг бағытының басшысы Александра Палагина және Freedom Telecom-да стратегия және инновациялар жөніндегі директор Кемел Айтжановтың дәрістерін тыңдай алады. Александр Соколов "Тестілеуді автоматтандыру: Үздік тәжірибелер мен сын-қатерлер" тақырыбында сөз сөйлейді, ол автотесттердің не үшін қажет екенін, оларды жазуды қалай бастау керектігін және мамандар қандай қиындықтарға тап болатынын айтады. Арнур Нуров өз кезегінде "Сіздің Enterprise қосымшаңыздың сауатты архитектурасы" тақырыбында дәріс өткізеді. Ол әртүрлі жүйелер туралы айтады: қосымшаны бақылау, деректерді жинау, аналитикалық және қосымшаны құрастыру жүйелері.

Маркетологтарға Болат Кисамбаевтың "Маркетингтік стратегия жасау үшін майнд-карталарды қалай дұрыс пайдалану керек" және Анастасия Голощуктың "Деректерді талдау компаниядағы маркетинг тиімділігінің негізі ретінде" баяндамаларын тыңдау пайдалы болады. Өз тақырыбында Болат маркетологқа майнд-карта не үшін қажет екенін, оны қалай дұрыс құрылымдау және рәсімдеу керектігін бөліседі, сондай-ақ, майнд-карталарды жасау үшін топ - 5 сервис тізімін береді. Анастасия бизнеспен жұмыс жасауда қандай деректерді жинау керек, жарнамалық арналардың тиімділігін қалай есептеу керек және сіздің маркетингіңіздің тиімді екенін қалай түсінуге болатындығы туралы айтады.

Александра Палагинаның баяндамасының тақырыбы "Қаржы моделі бизнесті жоспарлау құралы ретінде". Спикер қаржылық модельдің кімге және не үшін қажет екенін, қаржылық модельді құрудағы негізгі нюанстарды қарастырады және бірнеше жұмыс кейстерін талдайды. Ал Кемел Айтжанов өз кезегінде "Corporate Innovation немесе корпорациялар стартаптармен қалай жұмыс істей алады" тақырыбына шолу жасайды. Сарапшы өз сөзінде корпорациялардағы және жалпы стартап индустриясындағы, жаһандық инновациялық экожүйелердегі және корпорациялардағы венчурлық құрылымдаудағы стартаптарға, олардың өмірлік циклі мен инновацияларына шолу жасайды. Сондай-ақ, Кемел проблемаларды талдау дағдыларын дамыту, міндеттерді тұжырымдау, стартаптарды масштабтау және сыртқы командалармен ынтымақтастық туралы айтады.

Неконференцияға қатысу барлық ниет білдірушілер үшін тегін. Іс-шараға https://terricon.kz/ru/neconf сілтемесі бойынша өтіп, тіркеле аласыздар.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 25 тамыз, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.