Баспасөз-релиздері

Суреттерді деректерге түрлендіру бойынша ақпарат воркшопта айтылады

2024 жылы 28 қазанда IT-хабта "ChatGPT көмегімен суреттерді деректерге айналдыру" тақырыбында ағылшын тілінде оқыту өтеді. Іс-шараны TTONWhales WhalesCorp. компаниясының Senior Software Developer-і Владимир Пестерев өткізеді. Воркшоп суреттерден мәтіндік деректерді алуды автоматтандыру үшін OCR (таңбаларды оптикалық тану) және LLM (үлкен тілдік модельдер) технологияларын қолдану бойынша өзекті тақырыпқа арналған .

Іс-шараға қатысушылар заманауи технологиялардың көмегімен құжаттарды сканерлеу және фотосуреттер сияқты кескіндерді өңдеуді автоматтандыруды және алынған деректерді қолданбалы тапсырмаларда пайдалану үшін құрылымдауды үйренеді. OCR және LLM технологияларына кіріспе, деректермен жұмыс істеу үшін ортаны орнату, суреттерден мәтінді түрлендіру үшін OCR қолдану, ChatGPT көмегімен деректерді өңдеу және құрылымдау сияқты тақырыптар талданады. Сондай-ақ қатысушылар спикердің басшылығымен суреттерді өңдеуге арналған API-қызметін дербес құра алады.

Әзірлеушілерді, деректерді талдаушыларды және деректермен жұмыс істейтін және ақпаратты үнемі өңдеумен айналысатын адамдарды қатысуға шақырамыз. Қатысушыларда ноутбуктер немесе компьютерлер болуы қажет. Оқыту тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/

Қашан: 28 қазан, 19:00
Форматы: онлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.