Баспасөз-релиздері

Әзірлеушілерге арналған митапта PythonKit туралы айтылды

PythonKit - бұл Swift пен Python арасындағы көпір болып табылады, ол Python ішіндегі кодты Swift қосымшаларының қолдануға мүмкіндік береді. Кітапханалар мен модульдердің Python интеграциясы арқылы әзірлеушілердің Swift икемділігін қамтамасыз етеді және кеңейтеді. Максим Няголов 30 қараша күні IT-хабта өткізілген митапта тақырыпты толығырақ талдады.

Спикер өз сөзін PythonKit тарихын талдаудан бастады. Әрі қарай iOS және macOS үшін PythonKit артықшылықтарына көшті, Swift-тен Python функциясын орнату және баптау, сондай-ақ мысалдарды қарастырды. Максим Pytho Kit-ті тиімді пайдалану бойынша кеңестерімен бөлісті және оның әзірлеудегі перспективалары мен әлеуетін атап өтті. Соңында қатысушылармен "сұрақ-жауап" сессиясы өтті.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/live/flRZyW06edA?si=bGzGv8G5rPhTelLr сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 30 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС