Баспасөз-релиздері

IELTS оқытушысы хабта сөйлесу клубын өткізді

16 сәуір күні Terricon Valley-де IELTS оқытушысы Дарья Райлянмен speaking club өтті. Қатысушылар маркетинг пен әлеуметтік желілер саласындағы жұмыс жағдайлары арқылы ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын тәжірибеден өткізді.

Клуб форматы – әр қатысушы белсенді түрде диалогқа қатысатын тірі пікірталас. Қатысушылар өз кейстерін талқылап, Instagram жүргізу тәсілдерімен бөлісіп, тиімді шешімдерді бірге іздеді. Бұл жолы басты назар өнімділік пен жұмысты ұйымдастыруға аударылды: контент жоспарлаудан бастап нақты нәтиже беретін әрекеттерді таңдауға дейін.

Сабақ барысында қатысушылар кәсіби лексиканы дамытып, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуді және жұмысы туралы сенімді сөйлеуді үйренді. Мұндай формат тіл үйренумен қатар, тәжірибе алмасу арқылы өз жұмыс процестерін жүйелеуге де көмектеседі.

Қашан: 16 сәуір, 18:30

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Формат: онлайн/офлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.