Баспасөз-релиздері

Әзірлеуші IT-өнімдерді іске қосу туралы айтып берді

2025-06-25 12:10
23 маусым күні “Терриконовая долина” IT-хабында интерфейс әзірлеуші, қазіргі таңда Yandex компаниясында жұмыс істейтін Саяжан Онласынның лекциясы өтті. Оның еңбек жолында EPAM компаниясындағы тәжірибе, стартаптар іске қосу және Rolling Scopes School бағдарламасындағы тәлімгерлік қызметі бар. Лекцияға өз жобаларын енді бастап жатқан жас кәсіпкерлер, әзірлеушілер мен продакт-менеджерлер жиналды.

Спикер CTO болмаса да, техникалық шешімдерді қалай дұрыс қабылдауға болатынын, өніммен жұмысты неден бастаған жөн екенін және алғашқы айларда жіберілуі мүмкін, әрі қымбатқа түсетін қателіктерден қалай сақтану керектігін айтты. Қалыптасқан кеңестердің орнына қатысушылар нақты кейстердің талдауын және сәтсіздіктердің анатомиясын тыңдады: шамадан тыс үміт артылған MVP-ден бастап, команда ішіндегі рөлдердің дұрыс бөлінбеуіне дейінгі мәселелер сөз болды.

Лекцияның масштабтау мен техникалық қарызды басқаруға арналған бөлігі ерекше қызығушылық тудырды. Тыңдаушылардың айтуынша, спикердің құрылымды тәсілі мен стартаптар шындығына деген ашық көзқарасы бұрын күрделі болып көрінген көптеген сұрақтарды әлдеқайда түсінікті етті.

Қашан: 23 маусым, 19:00

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС