Баспасөз-релиздері

Software developer алгоритмдер мен деректер құрылымының маңыздылығы туралы митапта айтты

Әзірлеуші тиімділікті қалай арттыруға және сұхбатты қалай сәтті өткізуге болады? Бұл алгоритмдер мен деректер құрылымын білуге көмектеседі. Бұл тақырып туралы IT Bilim бағдарламалау мектебінде Software developer Едіге Радолда митапта толығырақ айтып берді.

"Алгоритмдер мен деректер құрылымы - бұл бағдарламаларды сенімді түрде жасауға болатын құралдар", - деп бөлісті спикер. Ол қатысушыларға терминдердің мағынасын қарапайым мысалдармен түсіндіріп, олардың қолданылуы туралы айтты.

Едігенің айтуынша, бұл білім бірнеше себептер бойынша қажет: практикалық және өмірлік міндеттерді шешуге көмектесу, информатика бойынша олимпиадаларда, бағдарламалау бойынша конкурстарда қолдану және кодинг-сұхбаттарда қолдану. Соңғысы рекрутермен сұхбаттасу кезінде, онлайн бағалау үшін немесе CV Screening кезінде қажет болуы мүмкін.

Едіге алгоритм - қойылған міндетті шешу үшін ережелер жиынтығы екенін атап өтті. Деректер құрылымының мақсаттары - деректердің үлкен көлемін басқаруды жеңілдету, деректерді белгілі бір жолмен сақтау және деректерді тиімді іздеу.

Сондай-ақ спикер олимпиадалар мен сұхбаттарға қалай дайындалу керектігімен бөлісті және алгоритмдер бойынша есептерді шешуге арналған платформалар туралы айтып берді. Соңында ол алгоритм құралдары мен деректер құрылымын қолдана отырып, жұмыс кейсін, сонымен қатар аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Митаптың видео жазылымы төмендегі сілтемеден өтіп, көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=_DL5YJCdfN0

Қашан: 18 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС