17 мамыр күні IT-хабта жай ғана жасанды интеллект туралы оқумен шектелмей, оны нақты шешімдер жасау үшін қалай қолдануға болатынын түсінгісі келетін аудитория жиналған дәріс өтті. Спикер ретінде BI Group компаниясының AI Implementation Manager қызметін атқаратын Арман Шуақпаев сөз сөйледі. Ол — жасанды интеллект туралы айтып қана қоймай, оны нақты бизнеске енгізіп жүрген мамандардың бірі.
Арман өз жобасы — бұлттық биометриялық ЭЦҚ мысалында, AI өнімдерінің қазақстандық компания жағдайында қалай жасалатынын, іске қосу кезеңінде не маңызды екенін, қандай шешімдер тиімді екенін, ал қайсысы идея күйінде қалып қоятынын айтып берді.
Жасанды интеллект нақты қажет болатын және қарапайым әрі түсінікті шешімдермен шектелу орынды болатын жағдайлар туралы ойлары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар спикерге белсенді түрде сұрақтар қойды: техстекті қалай таңдау керек, бизнес-процестермен қалай жұмыс істеу керек, тапсырыс берушіні өнімнің қажеттілігіне қалай сендіруге болады және CustDev жүргізудің маңыздылығы жөнінде.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 17 мамыр, 16:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн