Баспасөз-релиздері

IT-хабта бизнес бағдарламалардың финалистеріне арналған Demo Day өтті

2025-08-18 11:08
15 тамыз күні IT-хабта “Терриконовая долина” жүзеге асырып жатқан акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардың қатысушылары үшін Demo Day ұйымдастырылды. Бағдарламалар аясында үздік нәтижеге қол жеткізген стартаптар өз жетістіктерін таныстырып, сарапшылар мен инвесторлар олардың бизнес бағытын дамытудағы алғашқы қадамдарын бағалады.

“Акселератор” мен “Инкубатор” - бұл стартаптарға арналған оқыту бағдарламалары, негізгі мақсаты ерте кезеңдегі жобаларға нақты бизнеске айналуға көмектесу. Қатысушылар тректер аясында менторлық қолдауға ие болып, сарапшылардан білім алады, гипотезаларын тексереді және алғашқы инвестицияға шығуға мүмкіндік алады.

Өткен Demo Day-де оқуды сәтті аяқтап, жоғары нәтижелер көрсеткен 14 команда өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды: 6 команда “Акселератор”, ал 8 команда “Инкубатор” бағдарламасының түлектері. Инкубатор финалистері бірнеше айдың ішінде идеядан алғашқы сатылымға, серіктестікке және гранттарға дейінгі жолды қалай өткенін көрсетті. FreshCart (SODA) – деректерді тазарту және талдау үшін арналған жасанды интеллект платформасы MVP нұсқасын іске қосып, алғашқы клиенттер мен гранттық қаржыландыру тартты, сондай-ақ 5 сатылым жасады. Qiyal – әлеуметтік миссиясы бар, қолдан жасалған бұйымдарға арналған онлайн-платформа. Бағдарлама барысында шеберлерді тартып, маркетплейстерге шықты және 9 сатылым жасалды. SpineCare (SpineFul) – омыртқа денсаулығын қолдауға арналған MVP ұсынды. Бағдарлама аясында алғашқы сатылымдар басталып, грант алынды және оңалту орталығымен серіктестікке қол жеткізілді. Bronfood - тамаққа алдын ала тапсырыс беруге арналған маркетплейс. Команда Telegram-бот жасап, кофеханаларда модельді сынап, монетизацияны қайта қарастырды. Space4Study - жасанды интеллект және геймификация элементтері бар білім беру платформасы. Жоба алдын ала сатылымдарын бастап, 30 000 теңгеге 6 сатылым жасады. Eco stories PLATON 5D - балаларға арналған экологиялық ойындар мен интерактивтерден тұратын цифрлық платформа әзірледі.

Demo Day қорытындысы бойынша «Инкубатор» бағдарламасынан 4 жоба грант жеңіп алды: SpineCare, PLATON 5D және FreshCart (SODA) жобаларына 500 000 теңгеден бөлінді, ал Qiyal командасы 150 000 теңге көлемінде грантпен марапатталды.

Егер Инкубатор идеядан бастап прототипке дейінгі алғашқы қадамдарға бағытталса, Акселератор өнімін нарыққа шығарған және масштабтауға дайын стартаптармен жұмыс істейді. Акселератор финалистері айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін көрсетті - халықаралық нарықтарға шығудан бастап, бірнеше есе табыс өсіміне дейін.

RoboSpark MVP-ден PMF-ке дейінгі жолдан өтіп, басқарушылық және коммерциялық блоктарды күшейтті, сату жүйесін құрды және Астана, Ташкент, Нячанг қалаларына географиясын кеңейтті. Доступ жобасы қауіпсіз жалға беру экожүйесін дамытып жатыр. Стартап мақсатты аудиторияны анықтап, сату пайплайнын құрып, Ресейде пилоттық жобаны іске қосуға дайындалып жатыр. TrackSage өнім бағытын клиенттің жағдайын бақылауға қарай өзгертті, аудиторияны сегменттеп, алғашқы 13 сатылымын жүзеге асырды, яғни 400 АҚШ долларына. N1 жобаскөлік иелеріне арналған мобильді қосымша. Команда бизнес-модельді жаңартып, юнит-экономиканы есептеді, MVP жаңартты және Қостанайдағы ірі СТО-лармен пилоттық келісімге келді. AI Talent Genome орта және жоғары буындағы мамандарды іріктеуге арналған HR-шешім дайындауда: сұхбаттар өткізілді, сату пайплайны құрылып, өнім әзірленуде. Grants adviser ең әсерлі нәтижелердің бірін көрсетті: айлық табысты 300 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін арттырып, жаңа өнімдер енгізіп, сату шоғырын оңтайландырды. Aqylab – мектеп пәндеріне арналған зертханалық жинақтарды жетілдіріп, оларды модульдік әрі ауыл мектептері үшін тиімді етті. FabStory AI - медицина мен эстетика саласына арналған дәл 3D-аналитика жасап жатыр. Қаржылық модель жасалып, команда жұрт алдында белсенді бола түсті, университетпен келісімге келіп, 1000 доллар табыс пен 20% кірістілік көрсетті.

Жақын арада инвестициялық комитет Акселератор стартаптарына қандай жобаларға қаржыландыру берілетінін жариялайды. Бұл шешім бағдарлама қорытындысының ең маңызды сәті болмақ: командалар үшін бұл даму үшін қаражат алуға ғана емес, өз бизнес-модельдерінің өміршеңдігі мен масштабталуға дайындығын дәлелдеуге мүмкіндік.

Қашан: 26 мамыр - 15 тамыз
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС