Баспасөз-релиздері

Рекрутер өз кәсібі және HR айырмашылығы туралы әңгімелейді

Рекрутер - кадрларды іріктеп алу маманы. Егер HR компанияның "ішіндегі" адамдармен көбірек жұмыс жасаса, ал рекрутер лауазымға үміткерлермен жұмыс істейді. 18 қыркүйек күні IT-хабта "Рекрутинг - бұл HR емес" тақырыбында митап өтеді, ол жерде бизнес үшін рекрутингтің маңыздылығын және осы саладағы мансапты дамыту туралы айтылады.

Шақырылған спикер Қазақстандағы Тинькофф әзірлеу орталығының рекрутері Мария Бережная болады. Митапта ол рекрутер мен HR арасындағы айырмашылықтар неде, осы маман кез-келген компания үшін неге маңызды болып табылады және рекрутингтік мансап үшін нені білу қажет. Сондай-ақ, спикер басқа рекрутерлермен әзірлеуші лауазымына үміткерлерді іздеу құпияларымен бөліседі.

IT-рекрутерлерді, HR-менеджерлерді, IT-компаниялардың басшыларын митапқа қатысуға шақырамыз. Митап тегін өткізіледі, офлайн және онлайн форматында қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 18 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.