IТ-хабта "Supabase мысалында бэкенд сервистер" тақырыбында митап өткізілді. Өткен іс-шарада Nexuspro.kz компаниясында тимлид Асет Дюсенов Supabase бэкенд-сервисін ұсынды.
Supabase - бұл Firebase-тың ашық коды бар баламасы, ол әр түрлі қосымшалар үшін Backend as a Service ұсынады. Оны орнату өте қарапайым және әртүрлі фреймворктармен жылдам жұмыс істей алады.
Спикер заманауи веб-әзірлеудегі сервистік қызметтердің рөлін қарастырып, Supabase туралы айтып, оны дәстүрлі сервистармен және бәсекелестерімен салыстырды. Іс-шараға қатысушылар "сұрақ-жауап" сессиясы барысында спикерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Іс-шараға офлайн және онлайн форматында қатысу қолжетімді болды және мүлдем тегін өткізілді.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.