Баспасөз-релиздері

23 қыркүйек күні Govtech vs GameDev тақырыбында Хакатон басталады. Жүлде қоры - 1 миллион теңге!

Хакатон - бұл ұсынылған кейстердің бірінің негізінде жұмыс прототипін жасауы керек командалар арасындағы бәсекелестік. Бұл жолы конкурстың тақырыбы мемлекетті цифрландыру және ойын дамыту саласындағы жобалар болады. Қатысушылар қорытынды қорғауда дайын прототиптерді ұсынады, ол жерде қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдайды.

Командаларда жоба бойынша жұмыс істеуге екі күн ғана болады. Үшінші күн жобаларды қорғауға, қорытынды шығаруға және жеңімпаздарды марапаттауға арналады. Жүлделі үш орын болады, бірінші орын алған команда 500 000 теңге, екінші орын - 300 000 теңге, үшінші орын - 200 000 теңге алады. Негізгі жүлде қорынан бөлек қатысушыларда біздің серіктестерімізден "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, G5 Entertainment және ООО ЦентрПромСнаб сыйлықтар алу мүмкіндігі болады.

Әр команда жұмыс істейтін бір кейсті таңдауға құқылы. Барлығы төрт кейс болады. Олар: сипаттама және концепт-арт бойынша персонаждың 3D- және орналасу моделі, өндірістегі қауіпсіздік техникасын үйрену бойынша ойын құру, Қарағанды облысының мектептері үшін бірыңғай сайт құру, гранттарды беру үшін жүйе құру кейстері бойынша өнімнің прототипін  жасау керек.

IT-мамандарын, студенттерді, жоғары сынып оқушыларын және стандартты емес міндеттерді шешуде өздерін сынап көргісі келетіндердің барлығын қатысуға шақырамыз.  https://terricon.kz/ru/hackathon сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.


Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 23-25 қыркүйек
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС