Оқытуда қатысушылар шетелдік клиенттермен жұмыс істеу туралы біледі
2025-02-18 17:07
22 ақпан күні IT-хабта шетелдік клиенттермен жұмыс ерекшеліктері тақырыбы бойынша оқыту өтеді. Іс- шараны Yessen & Company компаниясының негізін қалаушы және директоры Азат Есенов өткізеді, ол халықаралық клиенттермен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша өз білімімен және практикалық ұсыныстарымен бөліседі. Оқыту ағылшын тілінде өтеді.
Дәріс барысында шетелдік әріптестермен жұмыстың негізгі аспектілері, соның ішінде Қазақстаннан IT-қызметтер экспортының артықшылықтары, мәдени айырмашылықтарды түсіну және шетелдік клиенттердің менталитетіне бейімделу қарастырылады. Азат халықаралық тапсырыс берушілермен қарым-қатынас ерекшеліктерін суреттейтін нақты кейстермен бөліседі, сондай-ақ бірлескен жобаларда SLA және KPI сияқты уағдаластықтарды нақты айқындаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Сонымен қатар қатысушылар шетелдік клиенттермен тиімді өзара әрекеттесуге ықпал ететін заманауи құралдар мен әдістер туралы біледі.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.