Баспасөз-релиздері

“Терриконовая долина” жаңа Акселератор ағынын іске қосады

2025-05-22 09:42
26 мамырда IT-хаб "Терриконовая долина" базасында жаңа Акселератор ағыны басталады - бұл стагнациядан масштабтауға көшуге дайын кәсіпкерлерге арналған тәжірибелік бағдарлама.

Бағдарлама өз жобасы тоқырауға ұшыраған немесе баяу дамып келе жатқан бизнес иелеріне бағытталған. Мұнда дәріс оқылмайды - керісінше, бизнес жан-жақты талданып, нақты өсім нүктелері анықталып, масштабтауға және инвестиция тартуға жол ашылады.

12 апта ішінде қатысушылар:

  • стратегияны жаңартып, бизнес-модельді жетілдіреді,
  • тәжірибелі трекерлермен жеке жұмыс жүргізеді,
  • масштабтауға және инвесторлармен келіссөздерге дайындалады,
  • Demo Day кезінде өз өнімін таныстырып, 25 миллион теңгеге дейін қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

Қатысу тегін, командаларды тіркеу мына сілтеме бойынша жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/corp-accel

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 26 мамыр - 17 тамыз
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн