Баспасөз-релиздері

IT-хабта QA саласындағы әзірлеу туралы дәріс өтті

2025-09-17 10:25
16 қыркүйекте “Терриконовая долина” IT-хабында жас мамандар, студенттер және кәсібін IT саласына жұмысын ауыстырған қатысушылар бас қосып, Банк ЦентрКредиттің QA инженері Алина Цымбалдың дәрісін тыңдады. Кездесудің тақырыбы – тестілеушінің командадағы рөлі және осы саладағы кәсіби өсудің жолдары болды.

Көптеген тыңдаушылар QA мамандығын бұрын тек техникалық немесе механикалық жұмыс деп қабылдағандарын айтты. Алайда спикер тестировщиктің өнім сапасына әсер етіп, командамен бірге шешім қабылдауға үлес қоса алатынын нақты мысалдармен көрсетті.

Бір жарым сағатқа созылған дәріс барысында Алина өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңадан бастаушылар жиі жіберетін қателіктерді талдады және кәсіби тұрғыда өсуге көмектесетін маңызды қасиеттерді атап өтті.

Қатысушылар дәрістің практикалық бағыты мен түсінікті тілде жеткізілгенін ерекше атап өтті - қарапайым теорияның орнына нақты өмірден алынған пайдалы мысалдар ұсынылды.

Қашан: 16 қыркүйек

Орны: «Терриконовая долина» IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.