Баспасөз-релиздері

Марат Оспанов стартап-тұжырымдамалардың қалыптасуы туралы айтып берді

8 тамыз күні IT-хабта "Ospanov Event Group" ЖШС директоры Марат Оспановпен бірге дәріс өтті. Ол жаңадан бастаушы стартаптарға өнімдер мен қызметтерді әзірлеу үшін дизайнерлік ойлауды қолдану және негізделген шешімдер қабылдау үшін бизнес-аналитиканы қалай пайдалану керектігі туралы айтты.

Өз сөзінің басында спикер бизнес деген не және кәсіпкер болу деген нені білдіретіні туралы айтты. Ол компанияны басқарудың 4 әдісі, қызметкерлерді өз лауазымын түсіну және менеджердің әмбебап функциялары туралы айтты. Тәжірибе үшін Марат қатысушыларға болашақ компаниясының миссиясы мен құндылықтарын жазуды ұсынды. Сондай-ақ, спикер фрирайтинг әдістері мен интеллект-карталарын, кәсіпкерлер үшін пайдалы қосымшаларды талдап, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Дәріс жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=kormhqpVIbY сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 8 тамыз
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.