Баспасөз-релиздері

SMM маманы әлеуметтік желілердегі сату құралдары туралы айтты

"Бизнес-аккаунтты жүргізу тек мәтінмен суреттер салу ғана емес". 20 сәуірде ІТ-хабта Валерия Марквартпен бірге митап өтті, ол жарнаманы құру әдістері мен парақшаны рәсімдеу туралы айтып берді.

Валерия - толық циклді маркетолог, ONE SMM-агенттігінің SMM-маманы және дизайнері. 10 ай ішінде ол жылжыту бойынша 15 саламен жұмыс істей алды.


"Біз талдайтын бірінші құрал - бұл әр бизнесте болуы керек барлық негіздердің негізі. Компанияның миссиясы - компания ұмтылуы тиісті мақсат, арман. Яғни, сіз кім болғыңыз келеді және тұтынушыңыздан қандай қажеттіліктерін жабқыңыз келеді", - деп түсіндірді Валерия. Спикер өз миссиясын кімге қалыптастыру керектігін, оның неден құралатынын айтып, белгілі ірі компаниялардың миссиясын мысалға келтірді.

Келесі қажетті жылжыту құралы - позициялау. Жарнамада сіз өзіңіздің өніміңіздің қасиеттерін көрсетіп, ол шешетін мәселелері туралы және оған арналған аудитория туралы көрсетуіңіз керек.

Бірегей сауда ұсынысы туралы айта отырып, Валерия оның көмегімен сатылымды арттыруға болатындығын және клиенттерді бәсекелестер арасында сіздің өніміңізді немесе қызметіңізді таңдауға итермелейтінін атап өтті. Ол "жеке тәсіл", "авторлық оқыту бағдарламасы", "жоғары қызмет" және т.б. сияқты клишелерден аулақ болу керектігін түсіндірді. Бірегей сауда ұсынысының жақсы мысалдарына: "Нәтижеге көңіліңіз толмады ма? Олай болса ақшаны қайтарамыз" немесе "өмір бойы кепілдікпен имплантаттар орнатамыз".

Сондай-ақ, спикер SWOT-талдау-жобаның немесе компанияның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалау әдісі туралы айтты. Ол оны талдап және қандай жерлеріне назар аудару керектігін айтып берді.

Егер сіз өзіңіздің өніміңізге/қызметіңізге таргет жіберсеңіз және аудитория жауап бермесе, онда сіз лидмагнит пен трипваерді қолданып көру керек. Сонымен қатар, Валерия аудиторияны клиентті сатып алуға итермелеу үшін триггерлерге назар аударуды ұсынды. Ол офер құру кезінде қолдануға болатын төрт триггерді анықтады: дәлел, қорқыныш, тапшылық, ерекшеліктер.

Спикер сонымен қатар түс психологиясын талдап, әртүрлі тауашаларда қолданылатын бірдей түс клиенттерге қарама-қарсы эмоциялар тудыруы мүмкін болатын мысалды келтірді. Митап соңында Валерия жарнаманы құру әдістері туралы айтып, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.


Митап жазбасын берілген сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=1QKjFpe4koI Барлық SMM-мамандарына, маркетологтарға, дизайнерлерге және кәсіпкерлер үшін пайдалы болады.

Қашан: 20 сәуір
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.