Баспасөз-релиздері

Қарағандылықтар үшін продакт-менеджмент бойынша тегін курс өткізіледі

2023-11-15 16:14
Өнім менеджері - бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін және өнімнің немесе мүмкіндіктің көмегімен қол жеткізуге болатын үлкен бизнес мақсаттарын анықтайтын адам. Сонымен қатар ол өнімнің нәтижеге әкелетін критерийлерін сипаттайды және осы тұжырымдаманы шындыққа айналдыру үшін топты біріктіреді. 18 қараша күні IT-хабта мамандық туралы көбірек білгісі келетіндер үшін және салаға кіру шектерін зерттегісі келетіндер үшін екі күндік оқыту басталады.

Мake ІТ CEO-сы Ольга Николаева курстың спикері болады. Бағдарламада продакт кім екендігі және ол не істейтіні, командадағы рөлдері, өнімдегі жұмыс кезеңдері сияқты тақырыптарды зерттеу қарастырылған. Сондай-ақ әрбір өнім менеджері үнемі айналысатын процестерді талдайды, олар зерттеу, гипотезамен жұмыс, CustDev, бәсекелестік талдау, P&L және қаржылық модель құру. Курс теорияны зерттеуге де, алған дағдылары мен білімдерін практикалық пысықтауға да негізделетін болады.

Оқыту офлайн және онлайн форматында тегін өткізіледі. Қатысушылар төмендегі сілтеме бойынша тіркеле алады: https://terricon.kz/ru/product

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 18-19 қараша, 11:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.