Баспасөз-релиздері

Әзірлеушілер арасында 1 миллиард теңге ойнатылды

26 желтоқсан күні Қарағандыда Mining Day ауқымды технологиялық марафоны өтті. Іс-шараның мақсаты - өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу болып табылады. Марафонға қатысқан компаниялар өз жобаларын таныстырып, кейс үшін 320 миллион теңгеге дейінгі сомада грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.


Іс-шара ІТ-hub "Терриконовая Долина" қолдауымен Tech Garden брендінің атауымен "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры ұйымдастырды. Марафонды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашты. Ол тау-кен металлургия саласын әлемдік деңгейде қолдауға мүмкіндік беретін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Mining Day-ге барлығы 35 команда қатысты, олардың әрқайсысы сегіз тапсырманың бірі бойынша өз шешімін ұсынды. Жарияланған кейстердің ішінде: жарылыстың зиянды өнімдерінің шығарындыларын азайту, жасанды интеллект технологиялары арқылы ұнтақтау процесін оңтайландыру, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын автоматтандырылған бақылау мен есепке алу және басқа да болды. "А-Бизнес Қазақстан" ЖШС қарағандылық әзірлеушілер тобы кәсіпорынның тауарлық-материалдық құндылықтарын есепке алуға мүмкіндік беретін ақылды қойма жүйесін таныстырды. Ал Астанадан келген Prometeo Chain system KZ LTD компаниясының командасы жоғары дәлдіктегі навигация жобасы туралы айтып берді. Оның көмегімен персонал мен жабдықтың жер бетінде де, жер астында да орналасуын анықтауға болады.


Презентациядан кейін Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерінен құралған қазылар алқасының мүшелері үздік жобаларды анықтап, командаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін технологиялық кеңеске шақырды. Таңдалған жобаларға төмендегі командалар кіреді:


- Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу - "DataRocks" ЖШС, "Advanced Business Technologies" ЖШС;

- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу - "DataRocks" ЖШС, "Центр сопровождения проектов" ЖШС, "Advanced Business Technologies" ЖШС;

- Негізгі құралдар және тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау мен жедел есепке алудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу - "А-Бизнес Қазақстан" ЖШС, "Norsec Delta Projects" ЖШС, "Advanced Business Technologies" ЖШС;

- Орталықтандырылған қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін енгізу - TARGETAI Limited ЖК, "Advanced Business Technologies"ЖШС;

- Байыту фабрикасында, оның ішінде іргелес аумақтарда: дайын өнім қоймалары, ірі ұсақтау корпусы, ЭМҮ (электромагниттік үйлесімділік) ангарлары, контейнерлік алаң персоналдың нүктелік және аймақтық орналасуы мен қауіпсіздігі жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін әзірлеу және енгізу - "AG TECH" ЖШС, "Cleverest Technologies" ЖШС, "Di ART" ЖШС;

- Байыту фабрикасында Жасанды Интеллект технологияларының көмегімен ұнтақтау процесін оңтайландыру - "IntelliSense-LAB Технологиялық даму орталығы" ЖШС,"Nordal" ЖШС;

- Жарылыстың (газтозаңдық бұлтының) зиянды өнімдерінің шығарындыларын азайту және тау-кен массасының жекелеген бөліктерінің ұшу радиусын азайту, олардың инфрақұрылымы мен көлік коммуникациялары елді мекендерінің маңында БЖЖ (бұрғалап-жару жұмысын) қауіпсіз жүргізу үшін - "Mining Research Group" ЖШС, "Алтай "Шығыс Қазақстан Аймақтық технопаркі" ЖШС;

- Шөгінді деңгейін, қалдық қоймасының тереңдігін және жарықтандырылған қабат деңгейін анықтау үшін цифрлық технологияның ғылыми-қолданбалы әдісін енгізу - "Қазақстан инжиниринг" R&D орталығы " ЖШС, "Алтай "Шығыс Қазақстан Аймақтық технопаркі" ЖШС.

Кеңестің қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер одан әрі келісімшарттар жасасатын компанияларды таңдайды.


Tech Garden осындай марафондарды ай сайын өткізіп тұрады. Қазақстан бойынша марафондарды өткізу кезінде жалпы сомасы 16,3 миллиард теңгеге 185 жоба қаржыландырылды.