Баспасөз-релиздері

Қарағандыда “The Tenge” қаржылық сауаттылық мектебі өтті

25 шілдеде IT-hub Terricon Valley алаңында “The Tenge” қаржылық сауаттылық мектебінің бес сағаттық лекция-воркшопы өтті. Іс-шараны тәуелсіз қаржылық талдаушы, FINANCEkaz Telegram-арнасының авторы Андрей Чеботарев жүргізді. Қатысушылар күнделікті өмірде кез келген адам кездесетін мәселелерді талқылап, ақшаны сауатты басқару, жеке бюджетті жоспарлау және артық тәуекелдерге жол бермей қаржылық шешімдер қабылдау жолдарын қарастырды.

Воркшоп барысында спикер жеке қаржыны басқарудың негізгі қағидаларын түсіндіріп қана қоймай, практикалық мысалдар арқылы өз шығындарын талдауды, қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыруды, банк өнімдерін бағалауды және өз мақсаттарын ескере отырып инвестициялауға сауатты қарауды көрсетті. Сондай-ақ капиталды сақтап, көбейтуге кедергі келтіретін кең таралған қаржылық қателіктерге ерекше назар аударылды.

Практикалық формат қатысушыларға сұрақтар қойып, өмірдегі нақты жағдайларды талқылауға және алған білімдерін бірден қолдануға мүмкіндік берді. Кофе-брейк кезінде қонақтар спикермен әңгімелерін жалғастырып, қаржыны басқарудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қашан: 25 шілде, 11:00
Өткізілетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Оператор: «Терриконовая долина» IT-hub-ы; «Терриконовая долина» ЖШС.